Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру туралы қаулы қабылданады

0
140

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру туралы қаулы қабылданады.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мілеметінше, 23 қаңтардан бері 200 мыңға жуық автокөлік онлайн тексеруден өткен. Оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылған.

«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде. Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз», деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ