Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

0
109

«Қазгидромет» 27 сәуірде Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін хабарлады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 22-24 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз солтүстікте, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде 13, күндіз 23-28 градус жылы.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 17-22 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 2-7 градус аяз, күндіз 19-24 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 14 градус жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде құмды дауыл соғады. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр.

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 26 жылы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз