Шорт-тректен әйелдер эстафетасында алғашқы медальді жеңіп алды
6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен Әлем Кубогының кезеңі өтті. Әйелдер эстафетасында ел құрамасының командасы қола жүлдеге ие болды.
Эстафета құрамасында ақмолалық спортшыларымыз Тихонова Ольга мен Хан Яна және Ермек Малика мен Ажғалиева Алина өнер көрсетіп, Қазақстан тарихындағы шорт-тректен әйелдер эстафетасында алғашқы медальді жеңіп алды.