Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды

 Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Ол Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Әнші Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) – Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.

Сәйкес жаңалықтар

Келінге бүкіл жағдайды жасамау керек

Қамаудан шыққан Әбдіжаппар Әлқожа киімдерін өртеп жіберді

Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі шықты