ШЫМКЕНТ АРХИВІНДЕГІ 5 МИЛЛИОН ПАРАҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛЕДІ

0
400

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жүйенің бірі – архивтерді электронды форматқа көшіру. Осы мақсатта Қазақстан Республикаксының 30 жылдығына орай қалалық архивте сақтауда тұрған шамамен 5 миллион парақ цифрландырылады. Бұл туралы бүгін қала әкімінің алдындағы есепті жиында тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова мәлімдеді.
«Архивте сақтауда тұрған шамамен 5 млн. парақты цифрландыру қажеттіліг ітуындап отыр. Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізу үшін архивте 2 дана планетарлық сканер орнатылған. Бір сканер күніне 400 бет өткізеді. Екі сканер жылына 193 600 парақтыөткізеді. 5 млн құжатты цифрлау үшін 26 жылқажет. Ал, бұл жұмыстарды 5 жыл ішінде аяқтау үшін қосымша 8 сканер сатыпалып, 8 штат бірлігін құру қажет»,-деді басқарма басшысы.

Есепті кезеңде 104 189 парақты цифрландыру жоспарға қойылған болса, қазіргі танда 106 255 парақ цифрланып, көрсеткішке қолжеткізілген. Архивтік құжаттар қорын ұлғайту индикаторы ІІ тоқсанда жобалық кеңсеге енгізіліп, жоспарланған 1500 іс-құжат нақты орындалған.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ