ШЫМКЕНТТЕ КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

0
343

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында «KARLSKRONA FD IC» ЖШС зауытында көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін өңделген және ашық топыраққа отырғызу бойынша аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасының конструкциясын енгізу және көбейту жобасы іске асырылуда. Онда отандық рпм-2kz үлгісі қолданылып жатыр.
Жобаның мақсаты – қаладағы агроөнеркәсіптік кешендердегі фермерлік шаруашылықтарды іске асыру үшін РПМ-2kz үлгісіндегі көшет отырғызу машинасының өнеркәсіптік үлгілерін және шағын сериялы өндірісін құр уарқылы көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі мен түсімділігін арттыру.
Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, РПМ-2 KZ шағын сериялы өндірісік өкөніс-бақша кластерінің егіс егу және отырғызу бойынша ауыл шаруашылық машиналарына сұранысты арттыруға, ауыл шаруашылық техникаларын импорттауды алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жалдамалы жұмысшылар саны мен уақыт қысқарып, шығын көлемі азаятын болады.
Көкөніс шаруашылығында көшет отырғызу машинасын енгізу және дамыту нәтижесінде көкөніс-бақша шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,5-3 есеге артады. Егіс алаңы екі есе ұлғайып, 4-5 мың гектарға жетеді деп күтілуде.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ