Шымкент тұрғынын баласымен қоса полиция көлігі қағып кетті

0
173
фото: ашық дереккөз

Шымкентте полиция көлігі анасы мен қызын қағып кетті. Оқиға кеше сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесінде болған.

Жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран полиция басқармасының жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді. «Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу» бабы бойынша тергеу басталды, – деді ведомстводағылар.

Қазір осы оқиғаға қатысты қажетті сараптамалар жасалып жатыр.

«Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан кешірім сұрайды. Сотқа дейінгі тергеумен ПД анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласының ПД бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ