Қырғызстан Ресейге қырғыз азаматының соққыға жығылуына байланысты нота жолдады

0
284
фото: видеодан кадр

3 тамызда Қырғыз Республикасы Мәскеуде қырғыз азаматының соққыға жығылуына байланысты Ресе Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады.

Осы оқиғаға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемеде жасап, Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі зардап шеккен азаматпен хабарласып, заң тұрғысынан көмек беріп жатқанын хабарлады.

Оқиға 18 шілдеде Мәскеуде болған. Сол күні таксист болып істейтін қырғыз азаматы соққыға жығылған. Зардап шеккен азамат жолаушыға салонда ішімдік ішуге рұқсат бермеген. Жолаушы болса, такси жүргізушіге жұдырық ала жүгірген. Содан кейін зардап шегуші полицияға шағымданған. Бірақ ол мекемедегілер арызын қабылдамаған. Қырғыз азаматы елшілікке хабарласпады. Осы оқиғаға байланысты елшілік зардап шеккен азаматтың құқығы мен мүддесін қорғау үшін шара қолданып жатыр. Ресей Сыртқы істер министрлігіне елшіліктің ресми нотасы жолданды, –  делінген СІМ мәлімдемесінде.

Қырғызстан СІМ және Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі мәселені бақылауға алғанын хабарлады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ