Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

0
300
Фото: news.myseldon.com

Көкшетау көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты түріндегі төтенше жағдайына сілтеме жасай отырып, конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасу фактісін анықтаған.

Мәміле бойынша 2,3 млрд теңге сомасына «Жақсы – Есіл – Бұзылық» республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеу жүргізумен қатар жаңа көпір салу жоспарланған. Дегенмен көпір тез арада шұғыл араласуды қажет етпеген, яғни бәсекелестік процедураларды айналып өтуге себеп болатын қандай да бір жойқын күш пен технологиялық кемшіліктер болмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Шарт шеңберінде филиал мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде аванс аударылған, алайда қандай да бір жұмыс басталмаған. Осы жағдайлардың барлығын растаған аудиторлардың 2022 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысымен мердігер келіспей, сотқа шағымданды. Сот биыл 30 мамырда қарау нәтижесінде ішкі аудиттің қорытындысын (есебін) жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Сот актісі 2023 жылдың 23 тамызында күшіне енген.

Филиалдың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының 4-бөлігі бойынша бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқырғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Динара Амантай

ПІКІР ҚАЛДЫРУ