Сот орындаушылары қызметінің 80 пайыздан астамы электронды форматта атқарылады — Әділет министрлігі

0
62
Фото: ОКҚ

 – Сот орындаушылары іс-әрекеттерінің 80%-дан астамы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерімен ықпалдасу, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті мәліметтерді алу, сондай-ақ мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

«Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу процесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде, соның арқасында бүгінгі таңда сот орындаушыларының іс-әрекеттерінің 80%-дан астамы жүйеде жүзеге асырылады», — деді ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 Әділет министрлігі
Фото: ОКҚ

Азаматтарға ыңғайлы болу және атқарушылық іс жүргізудің ашықтығын арттыру үшін арнайы сервистер (онлайн берешекті төлеу, СМС хабарлама, жүйедегі Тараптар кабинеті, борышкерлер тізілімі) құрылды, олар орындау бойынша барлық әрекеттерді қадағалап қана қоймай, сонымен қатар барлық шектеу шараларын автоматты түрде алып тастай отырып, онлайн режимде берешекті төлем жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ отырыста 2024 жылғы 19 тамызда оңайтылған іс жүргізу институтын енгізуді көздейтін заң күшіне енетіні айтылды. Оңайлатылған өндірістің негізгі міндеті — ЖСО қызметіне ақы төлеуден босату арқылы халықтың қаржылық жүктемесін азайту.

«Өздеріңіз білетіндей, жеке сот орындаушысы құжатты орындаған жағдайда, борышкер негізгі борышынан басқа, ЖСО қызметін заңнамада белгіленген мөлшерде де төлеуге тиіс (3%-дан 25%). Оңайтылған іс жүргізу, өз кезегінде, тек негізгі қарызды төлеуді қарастырады, өйткені орындау процесі ЖСО қатысуынсыз толығымен автоматтандырылады», — деді ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ