Сот Павлодар облысының ресейшіл тұрғынына іздеу жариялады

0
72
фото: Instagram/serzhbrikulskii
Ол өзін елімізде тіркелмеген «Ресей ұлттық патриоттық федеративтік қозғалысының» жетекшісі ретінде көрсеткен

Украинамен соғыста Ресейді қолдайтын жанжалды мәлімдемелерімен танымал Павлодар облысының тұрғыны Сергей Брикульскийге іздеу жарияланды. Бұл туралы Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы хабарлады.

Сергей Брикульский – 1975 жылы 5 шілдеде туған, Павлодар облысының тұрғыны. Ол 2 күннен бері іздеуде жүр. Бастамашы – сот, тінту жүргізетін орган – Ақтоғай аудандық полиция бөлімі.

Айта кетейік, Сергей Брикульский өзін Қазақстан Республикасында тіркелмеген «Ресей ұлттық патриоттық федеративтік қозғалысының» (РҰПФҚ) жетекшісі ретінде көрсетіп, артық мәлімдемелер жасаған.

Мысалы, 2022 жылдың сәуірінде әлеуметтік желілерде Сергей Брикульскийдің (ол Қазақстан Республикасында тіркелмеген РҰПФҚ партиясының «әскери» киімінде болған) қатысуымен бейнеролик таратылды. Онда ол Ресейдің Украинадағы «арнайы операциясына» қолдау көрсететінін мәлімдеген. Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен наразылық тудырды. Кейін Сергей Брикульский сол мәлімдемесі үшін кешірім сұрап, өзінің этникалық украин екенін және соғысқа және барлық әскери операцияларға қарсы екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұдан былай белгісіз үлгідегі форманы кимейтініне және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген партиялар туралы айтпайтынына уәде берді.

Кейін Сергей Брикульскийге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ол іс 2023 жылдың желтоқсанында сотқа жіберілген.

Сергей Александрович Брикульскийді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 2-бөлігінде («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») көзделген қылмысты жасады деп айыптаған қылмыстық іс назарға алынсын, – делінген Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Ғабит Ахметов қол қойған қаулыда.

Басты сот отырысы 14 желтоқсанға белгіленген, ол ашық сотта өтуі керек еді. Бірақ Павлодар қаласы №2 сотының тағы бір шешіміне сәйкес, Сергей Брикульский сот отырысына келмеді. 26 желтоқсанда оған іздеу жарияланған болатын.

Сергей Александрович Брикульскийге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалсын. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету Павлодар облысының ПД Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жүктелсін. Сергей Александрович Брикульскийге қатысты қылмыстық іс оның іздестірілуіне байланысты тоқтатылды. Қылмыстық іс Павлодар облысының прокурорына жіберілді, – делінген сот қаулысында.

2024 жылдың 8 қаңтарында әлеуметтік желіге Сергей Брикульскийдің Қазақстаннан кетіп, Ресейде жүрген видеосы тарады. Айтуынша, ол Украинаға соғысқа аттанбақ. «Ресей империясының заңдары бойынша» өмір сүргісі келеді екен.

ҚР ҚК 174-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ол белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ