Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді (ВИДЕО)

0
168

фото: macrodistrict.club

Денесінің 70%-ын күйік шалған

Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген. Бұл туралы atpress.kz хабарлады.

Оқиға 13 қаңтарда Мақат ауданының Доссор кентінде болған. Ал оның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Кадрдан куәгерлердің ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқанын байқауға болады. Одан кейін оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы да жеткен.

1961 жылы туған азамат Б.-ның денесінің 70%-ын күйік шалған. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленуші ауыр жағдайда. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз