Стенд атудан ұлттық құрама Олимпиаданың лицензиясын иеленді

0
77
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Стенд атудан ұлттық құраманың көшбасшысы Эдуард Ещенко Қатардың астанасы – Дохада өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын алды.

Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек бір ұпайға қалып қойды. Спортшы 35 ұпай жинады.

Бұл – стенд ату шеберлерінің екінші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған еді.

Нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі. Одан кейін федерация Олимпиадаға қай спортшының баратынын таңдайды.

Қазір Қазақстан қоржынында жазғы Ойындардың 49 жолдамасы бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ