Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан бір күнде 8 алтын, 2 күміс жеңіп алды

0
123
Фото: az_olympics

 – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржынына алтын жауған күн болды.

Нақтырақ айтсақ, құрлық біріншілігінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 10 жүлде жеңіп алды. Оның 8-і алтын, 2-і күміс медаль.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Жүзу, А тобы:

Әділбек Мусин – 100 м баттерфляй – алтын
Аделаида Пчелинцева – 50 м брасс – алтын
Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй – алтын
Диана Тасжанова – 1500 м еркін әдіс – күміс

Жүзу, В тобы:

Арсен Қожахметов – 50 м брасс – алтын
София Абубакирова – 50 м еркін әдіс – алтын
Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй – алтын
Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов) – эстафета 4х100 аралас әдіс – алтын
Даниил Черепанов – 50 м еркін әдіс – күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина – тұғырдан қатар секіру – алтын

Азия чемпионатының екінші күнінен кейін Қазақстан еншісінде 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс, 4 қола).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ