Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ

0
15
Фото:ашықдереккөз
Премьер-министр: Тасқын кезеңінің басталуына көп қалған жоқ

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға тасқынға дайындықты күшейтуді тапсырды.

— Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер, — деді ол.

Үкімет басшысы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды екеніне де тоқталды.

— Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырсын, — деді Олжас Бектенов.

Осыған дейін су тасқынының салдарын жою үшін 10 000-ға жуық әскери қызметші жұмылдырылуы мүмкін екені айтылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ