Төреғали Төреәліні танымал әнші екен деп небәрі 20 күнге қамады – Мәжіліс депутаты

0
297

Алматыда мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған әнші сот шешімінен кейін 20 күнге қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы оқиға туралы Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев заң алдында бәрі бірдей жауап беруі тиіс деп пікір білдірді. Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында өз ойын ортаға салған депутат жаза барлық адамға бірдей болуы тиіс екенін баса айтты.

«Әрине, шешімді сот шығарады. Әлі есімде, ең бірінші рет Қарағанды тұрғыны ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін бір жылға сотталып кеткен еді. Енді Төреғали Төреәліні атақты әнші еді… деп 20 күнге ғана қамау әділетсіздік деп ойлаймын. Заң алдында барлық азаматтың құқы бірдей. Заңға бағынбаса, бірдей жауапқа тартылуы тиіс», – деді депутат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ