Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Түркістан облысындағы трассаларға блокбекеттер қойылып жатыр

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 31 жолаушыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazinform.

Күн райының күрт суытуына байланысты Түркістан облысындағы жолдар жабылуда. Қазіргі кезде «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 601 шақырымындағы Шақпақ ауылының маңы мен 654 шақырымындағы Машат асуында 2 блокбекет орнатылды. Сондай-ақ Бәйдібек ауданы аумағындағы облыстық маңызы бар Шаян-Ағыбет, Шаян-Ақбастау, Шаян-Мыңбұлақ, Шаян-Бірлік-Кеңестөбе автожолдары жабылып, қосымша 4 блокбекет қойылды.

Өңірде тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жол бойында адасып қалған және автокөліктері қарда тұралап қалған жолаушыларға көмектесуде. Мәселен, Республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 635 шақырымындағы Қарашық ауылы маңында 6 жолаушымен Түркістаннан Алматыға шыққан «Toyota Alphard» көлігі және 5 жолаушысы бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Бәйдібек ауданы аумағында жол ортасында тұрып қалған 17 жүргізушіге көмек көрсетіліп, 6 көлік кері қайтарылды.

«Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен 11 желтоқсаннан бастап маңызы бар жолдарда патрульдеу мен ауа-райының құбылуына байланысты жолаушыларға көмек көрсету жұмыстарын тәулік бойы жүргізілуде. Сақшылар тұрғындарға ауа-райының қолайсыз болуына байланысты алыс жолға шықпау керектігін ескертеді» – деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағанды облысы экотуризмді жүйелі дамытуға басымдық беруде

«Құжаттарды тексермейміз». Енді жол ережесін бұзған жүргізушілер автоматты түрде анықталады

Мопед айдау үшін де жүргізуші куәлігі керек – ІІМ