Түркістанда күдікті танысының үйіне ұрлыққа түскен

0
188

Түркістанда полиция танысының үйіне ұрлыққа түскен ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, Samsung А22 телефонын, Acer ноутбугы мен Qmax процессорын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеден асады.

Полицейлер бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталды. Ол Түркістанда тұратын жәбірленушінің танысы болып шықты.

Таңғы уақытта күдікті үй иесінің ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, есікті бұзып кірген. Содан кейін қолына ілінген бағалы заттарды алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Тәртіп сақшылары қолды болған айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды, – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ