Түркияда көз жұмған жерлестеріміздің денесі елге жеткізіледі

0
304

Түркияда қайтыс болған Қазақстан азаматтары Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың денесі 11 ақпанда Қазақстанға жеткізіледі.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркияда орын алған табиғи апат салдарынан Антакия қаласында мерт болған Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Сыртқы істер министрлігі қайтыс болғандардың мәйітін отанына жеткізуге барынша көмек көрсетеді», деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Жерлестеріміздің мәйіті 11 ақпанда Анталия-Алматы бағытындағы тұрақты рейспен жеткізіледі, барлық шығынды мемлекет өтейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ