Тұқымды жаппай тексеру наурыз айының соңына дейін аяқталады
![](https://zamandas.kz/wp-content/uploads/2025/02/1abab38909a27ce5d10e4428fbf39ee6_1280x720-905x613.jpeg)
Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылғы өнім үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2,3 млн тонна тұқым қажет, бүгінде бұл көлем толық қамтамасыз етілді. Алдын ала жүргізілген сараптама нәтижесінде 1,6 млн тонна тұқымның сапасы тексерілді. Тұқымды жаппай тексеру наурыз айының соңына дейін аяқталады.
«Өткен жылы алғаш рет отандық тыңайтқыш өндірушілеріне аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл механизм тыңайтқыштарды шаруалар үшін қолжетімді етті: нәтижесінде оларды енгізу деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің 40%-дан асып, алдыңғы жылдары 21%-дан аспаған көрсеткіштен едәуір жоғары болды», – деді Айдарбек Сапаров.
2025 жылы тыңайтқыш енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны немесе ғылыми негізделген қажеттіліктің 59%-ын құрайды. Қазіргі уақытта тыңайтқыш өндірушілер мен жеткізушілер келісімшарт жасасу және қоймаларда қор қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде.