Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қызылорда облысында кент және ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр

Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 – Қызылорда облысында бүгін кент және ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр.

Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кенті мен Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округінде әкімі сайлауы өткізілуде.

Сайлау процесі 14 учаскеде ұйымдастырылып отыр. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден басталды, ол 20.00-ге дейін жалғасады.

«Кент және ауылдық округ бойынша 30 мыңға жуық сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Әйтеке би кентінің әкімі болуға 2 кандидат, Сунақата ауылдық округі болуға 3 кандидат сайлау бюллетеніне енді. Олардың басым бөлігі өзін-өзі ұсыну жолымен бақ сынап көруде. Аймақта сайлауға отбасымен келу үрдісі кеңінен қанат жайып келеді. Сондай-ақ, бір көшенің тұрғындары саналатын көршілер, ұжым қызметкерлері бір мезетте келіп дауыс беруге атсалысуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық сайлау комиссиясынан.

Сәйкес жаңалықтар

ПСИХОЛОГ: «БАЛАМЕН ИНТЕРНЕТТІҢ ТІЛІМЕН СӨЙЛЕСУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖӨН»

zamandas69@mail.ru

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Агроғылым қолдауға мұқтаж

zamandas69@mail.ru