Теннисші Новак Джокович жаңа рекорд жасады

0
131
Дереккөз: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47 рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты.

Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады.

Сербиялық теннисші Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет шығып отыр.

Новак Джокович финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы Фрэнсис Тиафомен немесе рейтингте 47-орында тұрған Бен Шелтонмен кездеседі. Бұл екеуі – АҚШ-тың спортшылары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ