TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған 2 адам сотталды
Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды.
Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табумен үлескен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді.
Аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.
Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша қызметтің жолын кескен болатын.
Анель Жарылғасын