Тимур Құлыбаев тағы бір қызметке тағайындалды

0
97

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қайтадан «Олимпизм 365» Халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде ХОК президенті Томас Бах ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне хат жолдаған.

«Осы жылға арналған ХОК комиссияларының құрамын қарап, олардың төрағаларымен кеңесіп, мен сізді «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындағаныма өте қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосып жатқан үлесіңіз үшін рахмет», – делінген хатта.

Тимур Құлыбаев 2022 жылдан бері «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі.

Бұрынырақ ол спорт арқылы қоғаммен байланыс және әлеуметтік даму жөніндегі комиссия деп аталған, онда ҚР ҰОК президенті 2017 жылдан 2022 жылға дейін комиссия мүшесі болды. 2022 жылдың қыркүйегінде ХОК президенті Томас Бах ХОК комиссияларының қызмет бағыттарын қайта қарау және кеңейту нәтижесінде оның атауын «Олимпизм 365» ХОК комиссиясына ауыстырды.

Биыл Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Сондай-ақ, ол Ұлттық Олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Атқарушы комитетінің мүшесі.

ХОК президенті Томас Бах ХОК комиссия мүшелерін тағайындайды және олар оның қызметін үйлестіретін, стратегияларды әзірлейтін, сондай-ақ, ХОК атқару комитетіне және ХОК жұмыс сессияларына шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізетін ХОК жұмыс органдары болып табылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз