TÚRKISTAN – жасампаздықтың жаршысы

0
42
фото:Turkystan.kz

TÚRKISTAN халықаралық газетінің шыға бастағанына 30 жыл толды.

TÚRKISTAN халықаралық газетінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли ұжымға келіп, Мемлекет басшысының  арнайы құттықтауын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауында:

«Бұл басылым отыз жылдың ішінде егемен еліміздің жылнамасына айналды. Осы аралықта оның өзіндік бағыт-бағдары мен сара жолы қалыптасты. Апталық алғашқы нөмірінен бастап тәуелсіз қазақ баспасөзін дамытуға, ел ішіндегі және бауырлас халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді.
Қазақстанның Халық жазушысы, газеттің тұңғыш бас редакторы Қалтай Мұхамеджанов бастаған көптеген белгілі қаламгер осы басылымда қалтқысыз қызмет етті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға зор еңбек сіңірді.
«TÚRKISTAN» алдағы уақытта да ұлттық баспасөздің көкжиегін кеңейтіп, жасампаздықтың жаршысы бола береді деп сенемін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!» – делінген.
Сондай-ақ, Берік Уәли «Түркістан», «Айқын», «Литер» газеттерінің ұжымымен кездесіп, редакциялардың жай-күйімен танысты.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ