US Open: Рыбакина үшінші айналымға шықты

0
131
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Ол екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен австралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.

Австралиялық спортшы матчқа қатысудан бас тартты да, Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды.

Енді Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі. Ол екінші кездесуінде рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяны 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Дастан Жұмабекұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ