XIX Азия ойындары: жүлденің бәрін дзюдошылар алып жатыр

0
161
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында елімізге төртінші жүлдені тағы да дзюдошы жеңіп алды. Бұл медальді 81 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар иеленді. Ол қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті.

Сөйтіп, әзірше Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде иеленіп отыр.

Балуан 2001 жылы Қызылорда облысында туған. Әлемдік рейтингте 2 646 ұпаймен 15-орында келеді.

Абылайхан Жұбаназар – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстаның бірнеше дүркін чемпионы. Биыл Гранд Слам халықаралық рейтингтік турнирінде 2-орын алған. Жаттықтырушысы – Қален Қалиұлы.

Бұған дейін хабарланғандай, Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медальді жеңіп салса, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин мен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова қола жүлдені иеленген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ