26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

0
111
Фото: matritca.kz

«Қазгидромет» РМК 26 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ