Ян, мен сенің белбеуіңді алып кетуге келе жатырмын: Рахмонов мәлімдеме жасады
Жеңілмеген қазақстандық спорт шебері Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке қарсылас таңдау барысында бірқатар спортшылардан көңілі қалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашында Рахмонов қазіргі белбеу иегері америкалық Белал Мұхаммедпен жұдырықтасады деп болжанған еді, бірақ ол сырқатына байланысты бас тартты.
Спортшы UFC-дің бұл шешіміне қатты ренжігенін айтып, пікір білдірді. Ол рингке өзімен жекпе-жекке шығуға келіспеген файтерлердің атын атап, намыстарына тиді.
“Біздің дивизионнан көңілім қалды. Белал, Леон, Колби, Камару, Джек, Шон – бәрің жанкүйерлердің көңілін қалдырдыңдар. Өз сөзіне жауап берген жалғыз-ақ адам болды. Ол – Ян, және мен оны құрметтеймін. Бірақ қателеспе, Ян – мен сенің белбеуіңді алып кетуге келе жатырмын», – деп жазды Рахмонов.