«Қыс – 2021»: Елде төтенше жағдайларға дайындық жаттығулары басталды
11-12 қараша аралығында елде «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс 2021» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды zamandas.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығудың басшылық штабы Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-да орналасады (Өскемен қаласы, ТЖД Дағдарыс орталығы).
«Қыс-2021» оқу-жаттығуы аясында республика бойынша төтенше жағдайды жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамалармен практикалық әрекеттер өткізіледі.
«Оқу-жаттығуы аясында елміздің өңірлерінде электр дабылдар қосуымен құлақтандыру жүйесіне техникалық тескеріс жүргізіледі. Осы іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» құлақтандыру бірыңғай дабылына әрекет ету тәртібін үйрету мақсатында өткізіледі»,-делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.