Қызылордада жүк пойызы өртенді

0
156

Қызылордада жүк пойыздарының бірінен өрт шықты.  Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Қызылорда-Жосалы учаскесінде болған.

«Кеше Қызылорда-Жосалы учаскесінде жүк пойызының локомотиві өртенді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт аудандық өртке қарсы қызмет күшімен жедел түрде өшірілді», деді «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз