«Заң мен тәртіп» – ең алдымен, мемлекетіміздің болашағы

0
19

 Екібастұз қаласының прокуратурасы «Богатырь Көмір» ЖШС кенінің қызметкерлері үшін корпоративтік радио арқылы «Заң мен тәртіп – бұл біздің таңдауымыз» айдарын іске қосты.

Әр эфир шығарылымы қоғам үшін маңызды бір тақырыпқа арналып, күнделікті өмірде кездесетін нақты жағдайлар мысал ретінде (соның ішінде, алаяқтықтың алдын алу, қаржылық пирамидалардың қауіптілігі, есірткіге қарсы күрес, дропперлік әрекеттердің салдары, балалардың қауіпсіздігін қорғау және өзге де өзекті мәселелер) алына отырып пайдалы кеңестер ұсынылады.

Радиохабарлар өндірістік нысандарда жарияланады. Эфирлерді кәсіпорын қызметкерлерімен қатар, қалың көпшілік те тыңдай алады.

Аталған бастамалар тәжірибиелік пайдасын тигізіп, қоғам санасында заң мен тәртіп идеологиясының құндылықтарын нығайтады.

«Богатырь Көмір» ЖШС көмірді ашық әдіспен өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Біздің кәсіпорында                6 500 адам еңбек етеді.

Қадағалау органдарының бастамасымен кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қаладағы криминогендік жағдай, кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасы және қазіргі уақытта қала прокуратурасы жүргізіп жатқан жұмыстарға қатысты көптеген мәселелер талқыланды.

Менің ойымша, мұндай кездесулер пайдалы және оларды жиі өткізу қажет. Тікелей диалог маңызды мәселелерді уақытылы түсіндіруге, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңдылық пен қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Богатырь FM» радиосына қатысқаны үшін қала прокуратурасына алғыс білдіргім келеді. Қызметкерлерімізге жеткізілетін бұл ақпарат, сөзсіз, болашақта тек оң әсерін тигізеді.

Мен үшін «Заң мен тәртіп» – ең алдымен, мемлекетіміздің болашағы. Менің ойымша, бұл – жаңа ұрпақты, азаматтарымызды тәрбиелеудің негізі және тұтастай алғанда, мемлекеттің жарқын әрі тұрақты болашағының кепілі», – Александр Титов, «Богатырь Көмір» ЖШС кенінің директоры.                                                  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ