Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Алматыда патрульдеу мен тексеру шаралары күшейтілді

Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, криминогендік ахуалды тұрақтандыру және құқықтық тәртіп деңгейін арттыру мақсатында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Аталған іс-шара аясында қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған барлық бөлімшелердің қатысуымен бірыңғай саптық қарау өткізілді.

Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, негізгі міндет – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолдардағы тәртіпті күшейту.

– Әрбір қызметкер заң талаптарын қатаң сақтай отырып, кәсіби деңгейде қызмет атқаруы және азаматтарға құрметпен қарауы тиіс. “Заң және тәртіп” қағидаты тек ұран ретінде емес, күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуы қажет, – деді ол.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, көшедегі қылмыстың жолын кесуге, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бірлесіп атсалысуға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда 3 қаржы пирамидасының қызметтері тоқтады

«Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек – Тоқаев

Сексеуіл тарихи вокзалы заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жаңғыртылды