Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Жамбыл облысында қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалды

Жамбыл облысында түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзып, көлігімен қауіпті дрифт жасаған жүргізуші анцқталды. Ол — 22 жастағы Өркениет Тилеубаев.

Аталған құқық бұзушылық жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен. Полицейлер орталықтың бағыттамасы бойынша көліктің жүрген жерін анықтап, жүргізушіні дер кезінде ұстады.

Жүргізуші түнгі тыныштықты бұзып, өрескел маневрлерімен өзгелердің өміріне қауіп төндіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Астанаға келді

Ақтөбеде 4 мыңнан аса әйел сенім телефоны арқылы көмек сұраған

Олжас Бектенов Атырауда Су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі штаб отырысын өткізді