Жамбы атудан үздік спортшылар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр  

0
51

фото: ашық дереккөз.

Алматы облысында қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына қатысатын жамбы атудан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны (ат үстінде садақ ату) өтіп жатыр.

«Біз жыл басынан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бұл біз өткізетін оқу-жаттығу жиындарының үшінші кезеңі, алда-тағы бір кезең бар. Жаттығу жиынына біздің ең мықты спортшыларымыздың 2 құрамы қатысады. Қазір біз 70-80% дайынбыз, әлі де жұмыс істеу керек. Қазір біз жылқыларды спорттық дайындаумен де айналысамыз. Моңғолия, Араб елдері, Индонезия, Малайзия, Венгрия өкілдерін мықты қарсылас деп атай аламын» – деді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

«Біз күн сайын дайындаламыз, дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғаймыз деп сенемін», – деді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ералхан Айкөз.

Еске салсақ, Жамбы ату республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, құсбегілік, асық ату, теңге ілу, «JORYQ» және т.б. федерациялар кіреді. Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ