Жасанды интеллект Альцгеймер ауруын адамның даусынан анықтай алады
АҚШ-тың Оңтүстік-Батыс университетінің ғалымдары жасанды интеллект адамдардың дауысы мен сөйлеуіндегі аздап қана байқалатын өзгерістер арқылы Альцгеймер ауруын ерте кезеңде диагностикалауды үйренді. Бұл туралы alz-journals.onlinelibrary.wiley зерттеу орталығы хабарлады.
Мамандар 206 адамның дауысын зерттеу үшін жетілдірілген машиналық оқыту және тілді өңдеу құралдарын (NLP) пайдаланған.
Содан кейін зерттеу тобы бұл әдістің тиімділігін байқау үшін адамдарға өнер туындысының үзіндісін 1-2 минутта оқытып, дауысын жазып алды. Нәтижесінде, қатысушыларға түрлі когнитивті бағалау жасалды.
«Жасанды интеллект арқылы сөйлеу моторикасын бақылауды, идеяның мәнін, грамматикалық күрделілігін және сөйлеудің басқа да ерекшеліктерін анықтай алдық», – дейді зерттеу авторы Ихаб Хаджар.
Зерттеу тобы цифрлық дауыс биомаркерлеріндегі жеңіл когнитивті бұзылысты, Альцгеймер ауруын дәл анықтау үшін қатысушылардың дауысын, сөйлеу мәнерін цереброспинальды сұйықтық үлгісімен және МРТ сканерлеуімен салыстырған.
Жасанды интеллект деменцияны анықтай алады
«Бұл жаңа тестілеу әдісі жеңіл когнитивті бұзылыстары бар адамдарды анықтауда және дәлірек айтқанда, стандартты когнитивті бағалау арқылы оңай жолмен болмаса да, Альцгеймер ауруының белгілері бар науқастарды анықтауда жақсы нәтиже көрсетті», – деп атап өтті Хаджар.
Зерттеу барысында ғалымдар науқастың дауысын жазуға 10 минуттан аз уақыт жұмсаған. Ал дәстүрлі нейропсихологиялық сынақтарды жүргізуге бірнеше сағат кетті.