Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мен сыни ойлауын қалыптастыруда дебаттық қозғалыстың маңызы ерекше

0
6

Студент жастар арасында «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыру және оларды кеңінен насихаттау алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Аталған бастамалар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға, адал еңбек пен қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Қостанай облысында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі бағытта жұмыс істейтін 33 білім беру ұйымы бар. Аталған оқу орындарында бүгінде шамамен 22 мың студент білім алуда. Бұл білім беру мекемелері өңірдің кадрлық әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
2025–2026 оқу жылында колледждердегі тәрбие жұмысы еңбекқорлықты, кәсібилікті, патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және заңға құрметті қалыптастыруға басымдық беріп отыр. «Заң мен тәртіп» жобасы аясында 5 мыңнан астам студентті қамтыған 120-дан аса профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, бірінші жартыжылдықта криминалистердің қатысуымен өткен кейс-коворкингтер, пікірталас клубтарының отырыстары, буллингтің алдын алу бойынша тренингтер мен ашық диалог алаңдары өткізілді.
Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында облыс колледждерінде 230 үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге 6 мыңнан астам студент тартылған. Дәстүрлі шығармашылық және спорттық бағыттармен қатар, қазіргі заман талаптарына сай робототехника мен 3D-модельдеу секілді инновациялық бағыттар да белсенді дамып келеді.
Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мен сыни ойлауын қалыптастыруда дебаттық қозғалыстың маңызы ерекше. «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубтары өңірдегі барлық колледждерде жұмыс істеп, шамамен 900 студентті біріктіруде.
2026 жылға жоспарланған маңызды іс-шаралардың қатарында Studentvision шығармашылық жобасының 10 жылдығын атап өту, сондай-ақ халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға және ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған үш халықаралық студенттік конференция өткізу көзделген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ