Астанада цифрлық технологияларды HR саласына тиімді енгізу мәселесі талқыланып жатыр

0
235
Фото: Midjourney

Астанада HR және цифрлық технологиялардың ұжым басқарудағы маңызы туралы конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР Президент іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға мемлекеттік құрылымдардың, белгілі медициналық хабтардың, алпауыт компаниялардың топ-менеджерлері, HR және IT сарапшылар, бизнес-тәлімгерлер қатысып отыр.

УДП
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Конференцияға қатысушылар жалпы отырыстан кейін секцияларға бөлініп, саладағы өзекті мәселелерді талқылауға өтеді. Ол секцияларда ұжымды ынталандыру арқылы басқару, мамандар тұрақсыздығын алдын ала болжау және себептерімен күресу, корпоратив мәдениеті, цифрлық гигиена, ұжымның эмоциялық зейінін басқару сияқты өзекті мәселелер сарапқа салынады.

Цой
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Президент іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой технологиялар мен ұжымдағы мәдени құндылықтар күн сайын жетіліп жатқан заманда мамандарды басқару саласын уақыт талаптарына сай бағдарлау маңызды екенін атап өтті.

«Біз үздіксіз дамып жатқан технологиялық өзгерістер біздің өміріміздің түрлі саласына әсерін тигізіп жатқан бірегей дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін біз цифрлық технологиялардың HR саласының әрбір аспектіне еніп жатқанын көріп отырмыз. Конференция аясында персоналды іріктеуде IT қолдану, таланттарды басқару үшін инновациялық шешімдерді ендіру мәселелері, сондай-ақ кадрды оқыту мен дамытудағы цифрлық платформалардың ролін қарастырамыз. Бұл инновациялық тәсілдердің үздік командаларды қалай қалыптастыра алатынын зерттеуге айрықша көңіл бөлінеді. Біз болашақта қандай дағдылар мен біліктіліктер сұраныста болатынын және біздің командаларды өзгерістерге қалай дайындауға болатынын қарастырамыз», – деді Алексей Цой.

Шарада Президент істері басқармасының жүйесінде песонламен жұмыс саласында қандай жетекші шешімдер қолданылатыны туралы да баяндалады. ҚР Президенті іс басқармасының ұйымдастырушылық-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шолпан Жұмағұлова, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының вице-президенті Гүлнұр Бөкенова кадрлық әкімшілендіру және HR процестерін автоматтандырудағы оң тәжірибелер туралы әңгімелейді.

УДП
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

ҚР ПІБ «Инженерлік-техникалық орталық» РМК директорының міндетін атқарушы Манат Ысқақов кәсіпорын жұмысында пайдаланылатын цифрлық технологиялар жайында мәлімет бермек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ