Жеті елге жеткізетін әуе бағыттары

0
308

Өткен жылы елімізде 7 мемлекетке 10 жаңа әуе бағыты ашылды. Енді отандастарымыз Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) жаңа әуе рейстерімен тікелей қатынай алады.

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде ашылған жаңа әуе бағыттары елімізге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етіп отыр. Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілетіп, әуе бағыттарының қатарын тағы арттыру қарастырылып жатыр.

«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланыс­ты. Қазақстанға келген әрбір төртінші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы Алатау баурайындағы шаһар 1,2 млн аса турист қабылдаған. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 млн-ға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20%-ды құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті», деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ