Жібек Құламбаева Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты
– Қазақстандық, әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен бетпе-бет келді.
Бірінші партияны Жібек 6:2 есебімен түйіндесе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ – 6:4.
Біршама тартысты өткен кездесу сағат жарымға созылды.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингіде 367-орындағы сербиялық Лола Радивоевичтің қай жеңгенімен таласады.
Ж.Құламбаева қазіргі сәтте WTA Live рейтингісінде 438-сатыға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Загребте жарыстың үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады.