Жоғары қан қысымының пайдасы да бар

0
250

(Фото: stan.kz сайтынан алынды)

Лейпцигтегі Макс Планк институты (MPI CBS) жоғары қан қысымының адам жүйкесіне қалай әсер ететінін анықтады. Қаны қысымы көтерілетін адамдарда уайым, депрессия, апатия, белсенділіктің төмендеуі сияқты ауруларға аз шалдығатыны байқалды.

Сонымен қатар, зерттеушілер гипертония диагнозы қойылған адамдардың миының белсенділігі зардап шеге ме деген сұраққа қызығушылық танытқан.

Экспериментке орташа жасы 60 жасты құрайтын 500 мың адам қатысқан. Барлық медициналық деректерді дәл жүйелеу үшін ғалымдар машиналық есептеу әдісін қолдануды ұйғарған. Барлық деректер Британдық Биобанктен алынды.

Ғалымдардың парадоксалды қорытындысы
Зерттеу нәтижелері қызықты және тіпті күтпеген болған. Қан қысымы жоғары (систоликалық) адамдар депрессияға, үрейге, көңіл-күйдің өзгеруіне және басқа психикалық бұзылуларға азырақ шалдығатыны анықталды. Мидың белсенділігі (ақпаратты қабылдау және өңдеу қабілеті) зардап шекпейді.

Дегенмен, гипертония диагнозы бар науқастар төмен көңіл-күйге бейім келеді.

Қан қысымының жоғарылауы адамның психикалық жағдайын жақсарта алатынын ғалымдар “ағза ауру мен күйзелісті қабылдауды айтарлықтай төмендетеді” деп түсіндіреді. Ми қысымның көтерілуіне үйренеді, осыған байланысты адамның ауырсыну шегі өзгереді.
Зерттеушілер гипертония диагнозы бар науқастар үшін мүлдем басқа үлгінің табылғанын парадоксальды деп атайды.

Ғалымдар бұл зерттеу гипертонияның алдын алуға, сондай-ақ емдеудің жаңа әдістерін жасауға көмектесетініне сенімді.
Айта кетейік, бұған дейін кардиологтар қандай қан қысымы қалыпты екенін айтқан болатын.

Ақпарат дереккөзі: MASSAGET

ПІКІР ҚАЛДЫРУ