Алимент төлемейтіндерге қатысты 7 қылмыстық іс тіркелді

0
189
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында алимент төлемеген 65 әке жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл басынан бері Көкшетау қалалық прокуратурасының қадағалау актілері негізінде сот орындаушылары 16 млн теңгеден асатын берешекті өтеуге шаралар қабылдап, 65 алимент төлемеуші әкімшілік жауапкершілікке (43-і қамауға алынып, 22-сіне айыппұл салынған) тартылды.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының прокуратурасы 4 млн теңгеден астам сомаға баланы асырап, бағуға алимент төлемеген борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық істі тіркеуге бастамашылық жасады. Оған соттың үкімімен 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, жыл басынан бері алимент төлемейтіндерге қатысты 7 қылмыстық іс (4-еуі бойынша сот айыптау үкімін шығарып, 2 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, ал 1 іс тергеліп жатыр) тіркелді.

Көкшетау қаласының прокуратурасы алимент төлеуден бас тартқаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл және 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жауапкершілік, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделгенін еске салады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ