«100 кітап» жобасының аясындағы Бұқар Жыраудың «Таңдамалы толғаулары»
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «100 кітап» жобасы талқыланды. Барлық студенттер осы жобаға қатысып атсалысты және өздерінің рухани құндылықтарын дамытып, жоғарғы деңгейде ақпарат алды.
«100 кітап» жобасының аясында Бұқар жыраудың «Тілек» атты шығармасы талқыланды. Бұқар жырау– суырыпсалма ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты.
Бұқар жыраудың толғаулары терең мағынаға толы.
Бұқар жырау «Тілек» деп аталған толғауларында:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа, — деп
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Қазақ даласында бейбіт өмір болуын, Бұқардың айтуынша, халық пен ел билеген хандардың келісімі мен ел бірлігін сақтауға ақыл-кеңес береді. Ақын халықтың тыныштығының қымбат екендігін, көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды, ханды хандықтың және халықтың мүддесіне қайшы келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырады:
Жан біткен еріп соңынан
Он сан алаш баласын,
Аузыңа құдай қаратып,
Жусатып тағы ергізіп,
Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан, — деп Абылай ханның ел бірлігін сақтауға, көрші елдермен қарым-қатынас жасаудағы рөліне оң бағасын береді.
Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге, ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, «бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар өзара достасудың» қажеттігін, «жау әруақытта да бізді айналып өтсін», «сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар»,-деп руларға, тайпаларға ықпал етуге ұмтылды. Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ рулары мен көрші елдер мен қарым-қатынасына еркін араласа білді.
Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым.
Қорытындылай келе, Бұқар жыраудың толғаулары болашақ ұрпаққа көптеген өсиет пен өнеге қалдырған. Болашақ жастарға халықтың тыныштығының қымбат екендігін Бұқар жырау толғаулар арқылы жеткізгісі келген, және біз өз кезегінде ата-бабаларымыздың үмітін ақтау тиіспіз!
Калымбетова Эльмира Кенесовна,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті, философия және
саясаттану факультетінің жалпы және
қолданбалы психология кафедрасының
доценті
Баймолдина Лаура Оразбековна,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті, философия және
саясаттану факультетінің жалпы және
қолданбалы психология кафедрасының
PhD докторы