12 жасқа толмаған балаларды жалғыз қалдыруға тыйым салу керек
Қазақстандағы Балалар омбудсмені Динара Закиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салу туралы бастама көтерді.
Бұл туралы ол Әлеуметтік желідегі парақшасында Ақмола облысында өрттің салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы жағдайға жауап ретінде жазба жариялаған
«Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын.Әрине, сонымен бірге қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет көздеген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», – деп жазды ол.
Осылайша ол Ақмола облысында өрттің салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы жағдайға жауап берді. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелді және осы жағдайлардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.