20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген (видео)

0
66

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды zamandas.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін 2 айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз