22 мектептің құрылысы басталады

0
144

«AMANAT» партиясының Алматы қала­лық фи­лиалында депутаттық фракция мен саяси кеңес Бюросының кеңейтілген оты­рысы өтті. Онда 2022 жылғы Жол картасының орындалуының алдын ала қорытындылары қаралды.

мектеп құрылысы

Отырыс жұмысына қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы мәслихатындағы фракция жетекшісі Серік Есматов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров және депутаттық фракция мүшелері, сондай-ақ мегаполистің мемле­кеттік органдарының басшылары және тағы да басқалар қатысты.⠀

Отырыста сөз сөйлеген қа­лалық филиалдың атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев қалалық филиал ай сайын сайлау алдындағы уәделердің орын­далуын бақылап, талдап отыра­тынын атап өтті. Бұдан әрі қала әкі­мінің орынбасары А.Әбдіқа­дыровтың 2022 жылғы Жол карта­сының орындалу барысы және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы баяндамасы тыңдалды.⠀

Мәселен, 2022 жылы 103 іс-ша­ра орындалған. Қала экономи­касының өсу драйвері қарқыны бойынша республикада 1-орында тұрған өңдеу өнеркәсібі болды. Индустриялық аймақта инвестиция көлемі 9 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылды.⠀

«Шетсіз қала» бағыты бойын­ша да жұмыстар жалғасуда. 100 шақырымнан астам электр же­лілері қайта жаңартылды және 511 жарықтандырылмаған кө­шелер жарықтандырылды. Әуезов кө­шесін Райымбек даң­ғылына дейін созу аяқталды. Бұл көшенің өткізу қабілетін тәу­лігіне 50 мың авто­мобильге дейін арттырды.

Сонымен қатар 57 мыңнан ас­там жұмыс орны құрылды. Бұдан басқа, «Бақытты отбасы», «Шаңы­рақ», «Жалға берілетін тұр­ғын үй» бағдарламалары аясын­да 2303 пәтер бөлініп, 2022 жылы ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру ая­сын­да жеке инвестициялар есебі­нен 146 пәтерлік 20 үй бұзылды.

Мегаполистегі өзекті әлеумет­тік мәселелердің бірі – оқушы орындарының тапшылығы. Мә­се­лен, ағымдағы жылдың 1 жел­тоқсанына Алматыда 13,5 мың орындық 16 мектеп пен қосымша құрылыстар іске қосылды, ал жыл соңына дейін 2 700 орындық тағы 2 мектеп іске қосылады.

Сондай-ақ әкім орынбасары 2023 жылы «Жайлы мектеп» ұлт­тық жобасын іске асыру аясында оқушы орындарының тапшылы­ғын жою үшін Алматыда 37 100 оқушыға арналған 22 мектептің құрылысы басталатынын айтты. «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы және дабыл түймелері, турникеттер және бейнекамералар орнатылған қауіпсіздік жүйесі іске қосылады.

Отырыс барысында пробле­малық мәселелер де қаралды, олар­ды шешу үшін әкімдіктің құ­ры­­лымдық бөлімшелеріне бірқа­тар тапсырмалар берілді. Бірқатар іс-шаралар бойынша орындалмау қаупі – құрылыс материалдарының қымбаттауына, сот ісін жүргізуге, сондай-ақ басқа да себептерге байланысты. Өз кезегінде партия­ның қалалық филиалы өзінің барлық сайлауал­ды уәделерінің уақтылы орын­далуын бақылауды күшейтеді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ