Диплом – жалған

0
101

Солтүстік Қазақстан об­лы­сында кейбір мұғалімдер жал­ған дипломмен жұмыс істеп кел­гені анықталды. Бұл тура­лы облыстық прокуратура ха­бар­лады. Бір жыл ішінде 80 жал­ған құжат сатып алу дерегі тір­келген.

жалған диплом

Жоғары білім туралы жалған құ­жат­тарды пайдалану деректерінің жиі­леуіне байланысты 2022 жылы Сол­түстік Қазақстан облыстық про­­куратурасы осы санаттағы қыл­мыс­тық істерге талдау жүргізді. Об­лыс прокурорының орынбасары Мұ­рат Қожамқұловтың айтуынша, өңір­де ай сайын жалған диплом пай­даланудың кем дегенде алты дере­гі тіркеледі.

Мәселен, былтыр қазан-қараша ай­ларында Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданның полиция бөлімі мек­теп мұғалімдері жұмысқа орна­лас­қан кезде жалған диплом ұсын­ғаны үшін сотқа дейінгі тергеу бас­­таған. Ұстаз-сымақтардың қо­лын­да Мырзахметов атындағы Көк­шетау университетінің және Абай атындағы Қазақ Ұлттық пе­да­го­гикалық институтының «дип­лом­дары» болған. Олар «әлеуметтік пе­­дагогика және өзін-өзі тану» жә­не «орыс тілі мен әдебиеті» ма­ман­­дықтары бойынша білім алып­ты-мыс. Алайда тергеу анық­та­ға­нын­дай, күдіктілер аталған жоғары оқу орындарында мүлдем оқымаған.

Жалпы, былтыр осындай 80 де­рек анықталған. Бірақ мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қыл­мыс­тық істердің басым бөлігі тоқ­та­тыл­ған. Бірақ адамдар ақталмайды, бәрі бір қылмыс жасады деп сана­ла­ды.

Жалған құжат ұсынған «мұға­лім­дер» жұмыстан босатылды. Бұ­ған Еңбек кодексінің 52-ші бабы не­гіз болған. Яғни, қызметкердің ең­бек шартын жасасу кезінде көрі­неу жалған құжаттарды ұсынуына бай­ланысты деген бап басшылыққа алын­ған.

 

«КӨШ БАСЫНДА» – КӨКШЕТАУ

Прокурорлар анықтағанындай, негізінен Шоқан Уәлиханов атын­дағы Көкшетау мемлекеттік уни­вер­ситетінің педагогика және бас­тауыш білім әдістемесі, орыс тілі мен әдебиеті, туризм, мектепке д­е­йін­гі білім және тәрбие, физика жә­не математика, химия және био­логия, еңбек технологиясы және кә­сіпкерлік, кәсіптік білім, дене шы­нықтыру және спорт, музыка, ин­форматика мамандықтары бойын­ша жалған дипломдар жиі ұсы­нылған. Сонымен қатар Мыр­зах­метов атындағы Көкшетау уни­­­вер­ситетінің педагогика және пси­хо­логия мамандығы мен Абай атын­дағы Қазақ Ұлттық педаго­ги­калық институтының дене шынық­тыру және спорт, әрі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік уни­верситетінің орыс тілі мен әде­биеті мамандықтарының жалған дип­ломдары да жиі жолығады.

Қадағалау органы маман­дары­ның айтуынша, жалған құжат жаса­ған адамдарды анықтау қиындық ту­ғы­зғанымен, оны қолданған адам­дарды анықтау оп-оңай.

«Мүмкін бұл адамдар шын мә­ні­сінде дарынды шығар. Дегенмен олар белгіленген бағдарлама бойын­ша білім алмаған. Оның үстіне, қыл­мыстық құқық бұзушылық жа­саған. Қандай білім сапасы тура­лы сөз болуы мүмкін? Әрі бұл бірді-екі­лі оқиға емес», – деді Мұрат Қо­­­­­жамқұлов. Сондықтан про­ку­рор­лар солтүстікқазақ­стандық­тар­ды жалған құжат үшін қандай жауап­­кершілік қолданылатынынан кеңінен хабардар етуде. Бұл әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік те, айыппұл да қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының Қыл­мыстық кодексінде куәлікті не­месе өзге де ресми құжатты қол­дан жасағаны үшін ғана емес, сон­дай-ақ көрінеу жалған құжатты пай­даланғаны үшін де жаза қарас­тырылған. Ол үшін бір жүз алпыс ай­лық есептік көрсеткішке дейін айып­пұл салынады немесе сол мөл­шерде түзету жұмыстары, не жүз ал­пыс сағатқа дейінгі мерзімге қо­ғам­дық жұмыстарға тарту арқылы не­месе қырық тәулікке дейін қа­мау­ға алу арқылы жаза көзделген», – дейді облыс прокурорының орын­ба­сары.

 

ДҮНИЕ – ЖАЛҒАН

Өмірдің шындығы сол, бұл жаңа­­лыққа таңырқай қойғандар ша­малы. Солтүстік қазақстан­дық­тар­дың көпшілігі өңірде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген мамандар көп, тіпті мектеп дирек­тор­лары да бар деген пікірде. Ме­ди­цина саласына да тексеріс жүр­гізуді ұсынушылар бар. Себебі жал­ған дипломмен жұмыс істеп жүр­ген дәрігерсымақтар науқасты ем­деудің орнына ауруына ауру жа­мап береді деген күдіктері басым. Сондықтан емханаға барғанша, ха­лықтық тәсілдермен емделуді жөн көретіндер де баршылық. «Жал­ған дипломды хирургты елес­тетудің өзі қиын», – дейді Алек­сандра Козлова.

Мұғалімнің дипломын сатып ал­ғандарды да емдеу керек деушілер бар. Еліміздің ертеңі – балаларға бі­лім мен тәрбие беріп жүрген мұға­лім­дердің сиқы осы болса, келе­ше­гі­міз қандай болмақ? Осындай кү­мән­ға батып отырғандардың қатары қа­лың.

Петропавлдық Анатолий Турин сол­түстіктегі әр деңгейдегі әкім­дер­дің 90 пайызының дипломы Көк­ше­тау университетінікі екенін аң­ға­рыпты. «Өздеріңіз қарап көріңіз­дер, шенеуніктердің 90 пайызы Көк­шетау, Уәлиханов универ­си­тет­те­рін тәмамдаған. Неліктен осы сұ­рақ ешкімді қызықтырмайды? Олар мемлекетті басқарып жүр ғой. Мұ­ғалімдерден қылмыскер жаса­ғанша, неліктен мемлекеттік қыз­мет­шілердің дипломдарын тексер­мес­ке? Мұғалімдер – терроршы, ал ше­неуніктер сүттен ақ, судан таза ма сонда?», – дейді ол.

Кейбір жалған диплом иегерлері төрт жыл қағаз кеміргендерге қара­ған­да дарынды екенін айтып, олар­ды ақтауға тырысушылар да кезде­се­ді. Жалған диплом жасаудың ал­дын алу үшін бұрынғыдай сырттай оқу­ды қалдыру керек деген ұсыныс көп. Сондай-ақ жалған диплом үшін жауапкершілікті қатаңдату ке­рек деген де пікір жоқ емес. «Жал­­ған диплом жасағандарды табу мүм­кін емес, ал қолданғандарға жа­за жұмсақ. Сондықтан жалған құ­жат қолданудан ешкім қорық­пай­ды. Бұл үрдіс жалғаса береді», – дей­ді петропавлдық Олег Лобов.

Петропавлдық Ирина Кожова «біз­де бәрі де: азық-түлік те, дәрі-дәр­мек те, киім-кешек те – барлығы жал­ған, айнала алаяқтық» деген пі­кірде. Кеңінен толғасақ, дүние – жал­ған.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ