3 адамның өмірін қиған Алматыдағы апат: автобус жүргізушісін ұрған жолаушы екі айға қамалды
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше,
24 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Еске салайық, Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.
Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.
Сондай-ақ, Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлағанбыз.