Бас қаланың даму басымдығы

0
73

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Ол елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Астана қаласының дамуында әлеуметтік-экономикалық көр­сет­кіштер бойынша оң серпін бай­қалады. Қала экономикасы бірқалыпты дамып келеді. Жал­пы өңірлік өнім 4,1%-ға өсіп, 4 трлн 753 млрд теңгені құра­ған. Инвестиция көлемі 4,7%-ға артып, шамамен 1,3 трлн тең­геге жеткен. Жұмыс істеп тұр­ған шағын және орта биз­нес субъектілерінің саны 14,6%-ға көбейіп, бүгінде 230 мың­нан ­асыпты. Ал бөлшек тауар ай­на­лымының көлемі 9,4%-ға өсіп, 2,2 трлн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9%-ға ұлғайыпты.

«Құрылыс саласы елорда эко­номикасының негізгі драйвері болып қала береді. 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жылы жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бо­йын­­ша біз азаматтардың әртүрлі санаттары үшін 5 200 пәтер беру ту­ралы міндет қойдық. Оның ішін­де жетім балалар, көпбалалы аналар, әлеуметтік осал азамат­тар, сонымен қатар жұмыс істей­тін жастар да бар. Қазір құ­жат­тарды рәсімдеу бойынша тиіс­ті жұмыстар жүріп жатыр. Ке­лесі жылдың басында кезекте тұр­ған­дар өз үйіне кіреді.

ап

Бүгінде реновация бағдарла­масы бекітілді. 2029 жылға дейін 206 апатты үйден 4 710 тұрғынды қа­уіп алдындағы баспаналары­нан көшіру жоспарланған. Алғашқы ­3 апатты үйдің тұрғындарын кө­ші­ріп те қойдық. Жұмыс әрі қа­рай жалғасып жатыр. Әйткен­мен тығыз құрылыс бойынша жыл басында жұртшылық наразылық білдіріп, жедел шешімді талап еткен 20-дан аса нысан болды. Олардың мәселесін дұрыс жолмен шешу арқылы қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу жұмыстары атқарылды. Осы арада айтарым, барлық ше­шім қала белсенділерінің қаты­суымен қабылданды. Шешім­дердің 90 пайыздан астамы қала тұрғындарының пікірін ескере отырып қабылданды. Тығыз құрылыс нысандарының барлығына дерлік оң шешімдер қабылданды: мектеп, білім беру орталықтары мен денсаулық сақ­тау мекемелері сияқты 8 әлеу­­меттік объект және 9 қоғам­дық кеңістік жоспарланды. Қал­ған нысандар бойынша сот ше­шімін күтіп отырмыз», деді Ж.Қасымбек.

Жаңа құрылыс аудандарында мектептер мен балабақшаларда­ғы орын тапшылығы байқалады. Мәселені шешу үшін биыл 7 мек­теп пайдалануға берілді, тағы ­ 5 мек­тептің құрылысы аяқта­лып келеді. Ендігі жылы 25 мек­теп­тің құрылысы жоспарланған. Оның үшеуі – жекеменшік, жетеуі – мемлекеттік және «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 15 мектеп бой көтереді. Жалпы, «Жайлы мек­теп» жобасы аясында 90 мың оқу­шыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасады. Қала басшылығы осылайша 2028 жыл­ға дейін екі ауысымда білім ала­тын 200 мыңға жуық оқушы орны­на арналған 80-нен аса мектеп салу­ды жоспарлап отыр.

апрапр

«Инвесторлардың қаражаты есебінен 16 жекеменшік бала­бақша бой көтеріп келеді. Сон­дай-ақ 2029 жылға дейін 60 мемлекеттік балабақша салуды жос­парлап қойдық. Бірінші кезең аясында 2025 жылы жергілік­ті бюджет және мемлекеттік-же­ке әріптестік қаражаты есебінен 10 балабақша салу мақсаты тұр. Балабақшалар мен білім ошақ­­тарымен қатар 2029 жылға дейін жергілікті бюджет есебі­нен, сон­дай-ақ мемлекет-жеке­шелік әріп­­тестік тетігін қол­дана отырып, 15 заманауи оқу­шылар сарайын салуды қала басшылығының алдына үл­кен мақсат етіп қойдық. Ең ал­ғаш­қысы – Тұран даңғы­лын­да орналасқан «Сана» оқушы­­лар сарайы осы жылы пайдалану­­­ға берілді. Келесі жылдың бірін­ші тоқсанында қаланың әр ауда­нында 5 оқушылар сарайы­ның құрылысын бастаймыз. Бұ­ған қоса медициналық инфра­құ­ры­лымды дамыту аясында 2024-2027 жылдар аралығында 12 объект салынады, оның ішінде 2 перинаталдық орталық, 2 жаңа заманауи көпсалалы аурухана, олардың біреуі балалар ауруханасы, 3 мемлекеттік және 5 жеке емхана құрылады. Дана халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген, осынау орынды тәмсілдің талабына сай болуға барымызды салып қызмет етеміз», деді елорда басшысы.

 

Биыл Астанада бірқатар ин­фра­­құрылым нысаны салы­нып, пайдалануға берілді. Олар – «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансасы, «Тұран» газ жылу стансасы мен ЖЭО-3-тің бірінші кезеңі және ауызсу стансасы (НФС-3). Астана әкімі жылумен және сумен жабдықтау мәселелері қалай шешілетінін тәптіштеп түсіндіріп өтті.

«Өткен жылыту маусымында 432 Гкал жылу тапшы болды. Биыл үш жылумен жабдықтау нысанының құрылысы аяқтал­ғандықтан, жағдай керісінше профицитке шығып тұр. Мыса­лы, қазан айында ЖЭО-3-тің бі­рінші кезеңінің құрылысы аяқ­талды, оның құрылысы ұзаққа со­зылған еді. Аталған жылу электр орталығында барлық төрт қазан­дық жұмыс істейді. Бұл қалаға са­ғатына 440 Гкал береді. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды. Сондай-ақ жаңа қуаттар жаңа энергия көздері іске қосылды. Бұл газ жылу стансалары (ГЖС) Қазақстанда алғаш рет ашылып отыр. «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансалары мен «Тұран» бірінші кезеңінің қуаты сағатына 700 Гкал құрай­ды. Бұл ЖЭО-3 қуатынан екі есе артық», деді Ж.Қасымбек.

«Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансасы «Бағыстан», «Мың­жылдық аллеясы» тұрғын үй кешендерін, қаланың сол жаға­лау бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Ал «Тұран» газ жылу стансасы қаланың сол жағалауында құ­рылысы жүріп жатқан жаңа аудандарды қамтиды. Келер жылы, ең алдымен, «Телман», ал екінші кезекте «Тұран» газ жылу стансасын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл қаланы тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, алдағы 5 жыл ішінде резервтік жылу қуатын қамтамасыз етеді.

Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылында көпір ашылды, 70-тен аса көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды. Президент тапсырмасы бо­йынша кешенді көлік жүйесін дамыту стратегия­сы әзірленіп жатыр. Жүйе жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, кептеліс санын азайтуға, т.б. мүм­кіндік береді.

«Тәуелсіздік даңғылы бойын­дағы жаңа көпір көлік кептелісі жиі болатын орындардағы қиын­дықты реттеді. Мысалы, Мәңгі­лік ел даңғылында көлік кепте­лісі 20%-ға, Сарайшық көшесі мен Ұлы дала көпірі сәйкесін­ше 15%-ға дейін азайды. Сондай-ақ Түркістан, Ақмешіт, т.б. көшелердегі кептелістер де айтар­лықтай жеңілдеді. Келер жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабан­бай батыр көшесіне дейінгі жалға­сын салуды жоспарлап отыр­мыз», деді ол.

Айтматов көшесі ашылған­нан кейін Сығанақ пен Ұлы дала даңғылы арасындағы Тұран даң­ғылында көлік ағыны бірша­ма төмендеді. Нәтижесінде, көлік кептелісі 12%-ға кеміді деген де­рек бар. Сонымен қатар ша­ғын айналма жолдың құрылысы, Кенесары көшесі мен Қорғалжын тасжолының ауданында жаңа кө­пірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сол сияқты биыл 70-тен аса көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды, оның 300-ден астамы пайда­ла­нуға берілді. Қалға­нын 2024 жыл­дың 1 тоқсанында жеткізу жос­парланған. Жоғары­да атал­ған барлық шара қозға­лы­сы қар­қынды учаскелерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға және қаланың жол-көлік ин­фра­құрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

вап

Осы жылы Астанада 165-тен аса аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Гүлзарлар жа­сау жұмысы елорданың бар­лық ауданында жүргізілді. Биыл ел­орданы көріктендіру бойынша ауқымды жұмыс орындалды. Қ.Мұнайтпасов, Бейбітшілік, «Амман» және «Абылайхан» көпірлерінің астында жаяу жүр­гіншілер өткелдері ашылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақтар кластерін өзара байланыстырды. Орталық жағалау­дың тарихи көшелері жаңартылды, «Журналистер аллеясы», Сал­та­нат қақпасының жанында­ғы гүлзар, т.б. абаттандырылды. Көгалдандыру жұмысы да назардан тыс қалмады. Миллионға жуық жасыл желек отырғызыл­ды, олардың бір бөлігі қаланың жасыл белдеуіне егілді», деді Ж.Қасымбек.

Оған қоса ол бұрын көппә­тер­лі тұрғын үй кешендерінің құ­ры­лысы жоспарланған 9 орын­да гүлзарлар мен қоғамдық ке­ңіс­тіктер ашылатынын атап өтті. «Мы­­салы, Айтма­тов-Сы­ғанақ кө­ше­сінің қиылы­сындағы учаскеде 12 қабатты көпфункционалды кешеннің орнына гүлзар жасалды. Роза Бағланова көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында жеке құрылыс салушы тұрғын үй кешенін салуды жоспарла­ған еді. Нәтижесінде, инвестормен бірлесіп, осы учаскеде қоғам­дық кеңістік салынды. Күмісбеков көшесі, 7/1 мекенжайында орна­лас­қан ескі гараждардың орнына қала тұрғындарының демалысы үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орын құрылды. Көктөбе тұйық көшесі, 5 мекенжайында бос жердің орнына спорттық-ойын аймағы бой көтерді», деді елорда әкімі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ