3 миллионнан астам Қазақстан азаматы осы медициналық қызметті қолданбайды

0
273
фото: inbusiness.kz

Еліміздің медицина қызметкерлері медициналық сақтандыруды өзгерту қажет деп санайды. Олар жиын өткізіп, мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Бұл туралы 31-арна хабарлады.

Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне риза емес. «Әділдік және өркендеу» қоры әлеуметтік зерттеу жүргізіп, респонденттердің 48%-ының міндетті медициналық сақтандыруды пайдаланбайтынын анықтады. Ал сақтандыруы барлардың 45%-ы қызметтерді нашар деп бағалаған, ал 20%-ы қанағаттанарлық дегкн. Ал 25%-ы ғана толық қанағаттанады екен.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, жүйеде олқылықтар көп және адамдарға таңдау құқығын беру керек.

Денсаулық сақтау жүйесі аралас болуы керек. Адам ерікті немесе ынтымақты жүйені таңдайтынын өзінің шешуі қажет. Ол ақшаны ортаққа салады немесе ақшасын жинайды. Егер оның ақшасы медицинаға жиналса, онда ол әлі де жиналуы керек, – деді «Сұңқар» медициналық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Керімқұлов.

Денсаулық сақтау министрлігі сарапшылық кеңесінің мүшесі міндетті медициналық сақтандырудың басты проблемасы оның қолжетімсіздігі деп есептейді.

Мәселе мынада, 3 миллионнан астам Қазақстан азаматы осы медициналық қызметті қолданбайды. Қолжетімділік деңгейі әлі де төмен. Біріншіден, фельдшерлік пункттер ғана емес, тіпті аймақтық емханаларда да мамандандырылған мамандар мен заманауи құрал-жабдықтар бола бермейтін ауыл тұрғындары үшін бұл тиімсіз, – деп мәлімдеді ДСМ сараптамалық кеңесінің мүшесі Ерлан Нұрпейісов.

Сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру бойынша тегін қызмет алу үшін 1-2 апта күту керек. Осыған байланысты медицина қауымы Денсаулық сақтау министрлігіне кез келген мекемеде емделуге мүмкіндік беруді ұсынып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ